USD
USD
USD

Қырғызстан президенті Бішкекте қайтадан төтенше жағдай режімін жариялады

Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбеков Бішкекте төтенше жағдай режимін енгізу туралы жаңа жарлыққа қол қойды.

Қырғызстан президенті Бішкекте қайтадан төтенше жағдай режімін жариялады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қырғыз Республикасы президентінің сайты бұл шешім Жоғарғы Кеңестің ел астанасына бұрын енгізілген төтенше жағдай туралы мәселені үш күн бойы қарастырмай қоймауымен байланысты қабылданғанын хабарлайды.

Зорлық-зомбылықпен байланысты толассыз жағдайдың және жаппай тәртіпсіздіктер салдарынан адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнуіне байланысты ел азаматтарының өмірі мен денсаулығын қорғау, олардың қауіпсіздігі мүдделері үшін, сондай-ақ қоғамдық-саяси жағдайды тез тұрақтандыру мақсатында Бішкек қаласында төтенше жағдай режимін енгізу туралы шешім қабылданды. Төтенше режим биылғы жылдың 12 қазанынан 19 қазанына дейін өз күшінде болады.

9 қазанда Сооронбай Жээнбеков Бішкекте төтенше жағдай режимін енгізді. Ол 21 қазанға дейін созылуы керек еді, бірақ бұл Жарлықты Жогорку Кенештің депутаттары мақұлдамаған.

Қазір оқып жатыр

ДДСҰ Иркутскідегі жағдайға қатысты қауіп деңгейін бағалады

уланған қыз

Құрылтай депутаты Татьяна Савельева мандатын мерзімінен бұрын тоқтатты

Татьяна Савельева

Он ойыншымен қалған Фарер аралдарын Қазақстан құрамасы жеңе алмады

Матч

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы