USD
USD
USD

Қырғызстан оттегі концентраторларын сатып алды

Кеше Бішкекке 200 мобильді оттегі концентраторлары жеткізілді. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Қырғызстан оттегі концентраторларын сатып алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.Тағы 800 концентратор жақында жеткізіледі. Қырғыз үкіметі сатып алған оттегі концентраторларының алғашқы партиясы 5 шілдеде әкелінген. «Оттегі концентраторлары республиканың медициналық мекемелеріне бөлінеді» деп хабарлады үкімет.

Концентраторларды сатып алуға 50 млн сом (шамамен 643 мың доллар) бөлінген. Бұл туралы премьер-министр Кубатбек Боронов өткен аптада хабарлаған. Қырғызстанда бір тәулікте 345 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы 8 шілдеде денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Айнұр Акматова хабарлады.

Республикада бір күнде 13 адам COVID-19 ауруынан, 44 адам пневмониядан қайтыс болды.

Қазір оқып жатыр

Борышкерлердің шотында өмір сүруге жететін қаражат қалуы керек – депутат

Алмас Мұхаметов

Тоқаев «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев, Вагит Алекперов

Тіл жайлы сөзі үшін басы дауға қалған гидті полиция тексереді

Татьяна

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға