USD
USD
USD

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы атыста бір адам қаза тапты

14 маусымда Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы мемлекеттік шекарадағы учаскеде шекарашылар арасында атыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz. Қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жарияланбады.

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы атыста бір адам қаза тапты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қырғызстан тарапының айтуынша, таңертең Баткен ауданының Бұлақ-Башы деген жерінде Тәжікстан шекарашылары "Бұлақ-Башы" шекара бекетіне оқ атқан. Бұған жауап ретінде қырғыз шекарашылары тәжік бекетіне оқ жаудырған.

Тәжікстан тарапының хабарлауынша, қырғыз шекарашылары "Кех" заставасына минометпен атып, артынан тәжік тарапы шабуыл жасауға мәжбүр болған. "Азия-Плюс" басылымының дерегінше, атыс салдарынан Тәжікстанның мерзімді қызметтегі сарбазы қаза тапты. Тәжікстан билігі бұл оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Қос елдің өкілдері атыс себебін анықтау және жағдайдың ушығуына жол бермеу үшін кездесу жүргізіп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян

«Вашингтон моделі» БҰҰ аясындағы халықаралық келісімге негіз болуға лайық – Тоқаев

Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес отырысы

Тұңғыш алтын: таеквондошы Тамирлан Тілеулес Азиадада тарихи жеңіске жетті

Тамирлан Тілеулес