USD
USD
USD

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында тағы да шиеленіс болды

 Қырғызстанның ҰҚК шекара қызметі Сомониен (ТР) ауылы арқылы қырғыздың Дахма ауылына бара жатқан қырғызстандықтар мен тәжік азаматтары арасында дүрдараздық орын алып, төбелестің арты атысқа ұласқанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында тағы да шиеленіс болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оқыс оқиға 3 желтоқсанда түскі таман орын алған. Екі елдің азаматтары өзара сөзге келіп қалған. Жаудырылған бәйәдеп сөздерден кейін қос тарап жердегі тастарға қол созған.

"Жанжалдың шиеленісуіне жол бермес үшін әрі төбелесіп жатқандарды тарату мақсатында Қырғызстанның өзге бір азаматы аңшылық мылтықтан ауаға үш ескерту оғын атқан. Оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтау үшін Баткен және Исфара учаскелері бойынша Қырғызстан мен Тәжікстанның шекара өкілдері деңгейінде кездесу өтіп жатыр", делінген хабарламада.

Тәжікстан БАҚ-тары бұл ақпаратты растады. Олардың мәліметтері бойынша, шекара маңындағы ауыл тұрғындары арасында қақтығыстар болған. Бірақ, олар қырғыз ауылының бірнеше адамы кетіп бара жатқан тәжіктің ауылы - Сомониен тұрғынына тас лақтырған дегенді алға тартады.

Салдарынан тәжікстан азаматы басы мен құлағынан жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Қазір оқып жатыр

Қазақ тіліндегі қателерді азайту үшін 34 сөздік дайындалады

Қарин

Қостанай облысында екі оқушы 10 жастағы баланы зорлаған деген күдікке ілінді: полиция тергеу бастады

сот

Джон ван ’т Схип Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетеді

Джон ван ’т Схип

Қазақстан дүниежүзілік мұра нысандары бойынша Азияның үздік 20 елінің қатарына енді

Коллаж