USD
USD
USD

Қырғызстан мен Тәжікстан өкілдері ортақ хаттамаға қол қойды

 Қырғызстан мен Тәжікстан арадағы шекараның ортақ учаскесін белгілеу үдерісін жандандыруға келісті.

Қырғызстан мен Тәжікстан өкілдері ортақ хаттамаға қол қойды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметі хабарлайды. Тараптардың кездесуі Баткен облысында өткен. Қырғыз делегациясын Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеттің төрағасы Камчыбек Ташиев басқарған. Ал Тәжікстан тарапынан оның әріптесі Саймумин Ятимов қатысты.

Делегация басшылары жанжалды бейбіт жолмен реттеу қажеттігін айтады. Осы отырыста тараптар ортақ хаттамаға қол қойды. Алайда оның мазмұнына қатысты мәлімет жоқ. Айта кеткен жөн, бірер күн бұрын Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында су тарату бекетінде қарулы қақтығыс басталған болатын.  

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер