Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қырғызстан мен Өзбекстан шекара бойынша ымыраға келді

Тараптар шекараның жалпы учаскесін демаркациялау және делимитациялау жөніндегі жұмысты тек 2017 жылы ғана жүргізе бастады. Қырғызстан мен Өзбекстан мемлекеттік шекараның барлық даулы учаскелері бойынша ортақ келісімге келді, деп хабарлайды Inbusiness.kz

Қырғызстан мен Өзбекстан шекара бойынша ымыраға келді
Фото: NEGE.kz

.

Алматы, NEGE.   Бұл туралы қырғыз үкіметінің шекараны демаркациялау және делимитациялау жөніндегі комиссиясының басшысы, Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Қамычыбек Ташиев мәлімдеме жасаған.

 «Қырғыз-өзбек шекарасындағы барлық даулы учаскелерге қатысты ымыраға келдік», – деді ол. Оның айтуынша, екі елдің шекарасында даулы учаскелер енді жоқ, тек қырғыз тарабы немесе тек өзбек тарабы бар. Ташиев шекара мәселелерін реттеу барысында тараптардың ешқайсысы жеңген де,жеңілген де жоқ екенін айтты.

«Барлық шешімдер өзара келісім бойынша қабылданды», – деді Ташиев.

Қырғызстан мен Өзбекстан шекарасының ұзындығы –шамамен 1,38 мың шақырым. КСРО ыдырағаннан кейін онда ондаған даулы учаскелер пайда болып, бұған қатысты дау 30 жылға созылды. Тараптар шекараның жалпы учаскесін демаркациялау және делимитациялау жөніндегі жұмысты тек 2017 жылы ғана жүргізе бастады.

Қазір оқып жатыр

«Әділет» партиясы: Қазақстан шикізатты аз, дайын өнімді көп сатуы керек

Айбек Дәдебай

ҚХП алимент бойынша берешекті өтеу үшін арнайы қор құруды ұсынды

Нұрсұлтан Шоқанов

«Байтақ» төрағасы: Біз Экономика және Қаржы министрлігін алмастырмаймыз

дебат

Іле Алатауы табиғи паркінде 13 гектар аумақ өртке оранды

Орман өрті