USD
USD
USD

Қырғызстан Қытайға белшесінен қарыз ел ретінде жеңілдік алды

Қытай билігі өзіне белшесінен қарызға кірген 77 дамушы елге борышын кейін қайтаруға мұрсат берді. Қытай басылымдары мұны ресми Бейжің бұл елдерге бірінші кезекте коронавируспен күресуіне мүмкіндік жасауға ұмтылысымен түсіндіруде. 

Қырғызстан Қытайға белшесінен қарыз ел ретінде жеңілдік алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Өз кезегінде Вашингтондағы жаһандық даму Орталығының мамандары "Бір белдеу - бір жол" бағдарламасы аясында Қытайға қарыз болған елдердің жағдайына қатысты зерттеу жүргізген. 

Орталық мамандары 68 елдің экономикасын бақылаған соң, қазірдің өзінде 23 ел қарыз қақпанының аузында тұр деген тұжырымға келген. Ал тізімдегі 10 ел дағдарыс кесірінен борышының өтеуі есебінде Қытайға өзіндегі инфрақұрылым нысандарын пайдалануға беруге мәжбүр болатынын айтып отыр. Бұл "қара тізімге" Африканың біраз елімен қоса Пәкістан, Моңғолия және Тәжікстан мен Қырғызстан секілді Азия елдері де кіріп кеткен. 

Қырғызстанның Қытай алдындағы қарызы 1 млрд 700 млн АҚШ долларына жеткен. Бұл елдегі жалпы ішкі өнім көлемінің 40 пайызына тең. Қырғыздар қарыз сомасы жағынан Қытайға ең көп борышкер 10 мемлекеттің қатарына еніп отыр. Алдағы уақытта Қытай қырғыз еліндегі энергетика жобаларына тағы 1 млрд доллар инвестиция құюды жоспарлап отыр. Бұл жағдайда Қырғызстанды қарыз қамыты одан әрі қыса түседі.

Азиядағы ең кедей мемлекеттер тізіміне енген Тәжікстан берешегінің өтеуі есебінде Қытайға инфрақұрылым нысандарын және алтын кеніштерін де беруге мәжбүр болып отыр.

 

Бұған дейін 2019 жылы немістің Statista порталы әлем елдерінің Қытайға қарызына қатысты статистикалық дерек жария еткен еді. Мәліметтерге сенсек, Қазақстан Қытайға берешегі ЖІӨ-нің 1-5 пайызға дейінгі бөлігін құрайтын елдердің қатарында тұр.

Мамандардың дерегінше, бір ғана Африка елдерінің Қытайға қайтаратын қарызы 145 млрд доллардан асып кеткен. Олардың бәрі дерлік борышын қайтаруды кейінге қалдыруды сұраған. 

Қазір оқып жатыр

Алматылықтардың мазасын алған тәжікстандық жасөспірімдер елден шығарылды

Алматы

Түркістан облысында жалған айғақ беруге айдап салған адвокат сотталды

кісі өлімі

Қазақстанда жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы тоқтатылды

Пәтер

Қазақстанның оңтүстігінде тұрғындар жер сілкінісін сезді

Жер сілкінісі