Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қырғызстан Қазақстаннан көмек сұрады

Қырғызстанның сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев Қазақстаннан қайтарымсыз дәрі-дәрмек пен қорғаныс құралдарын сұраған. Осылай деп Қырғызстан СІМ баспасөз қызметі хабарлайды.

Қырғызстан Қазақстаннан көмек сұрады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  29 қазанда Руслан Қазақбаев Нұр-Сұлтанға ресми сапармен барып, қазақстандық әріптесі Мұхтар Тілеубердімен кездескен, деп жазады Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Кездесу барысында саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және миграциялық салада қырғыз-қазақ ынтымақтастығы сөз болған.

"Елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты Руслан Қазақбаев қырғыз тарабына қаржылай-техникалық көмек көрсетуді сұрады", - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек екі ел арасындағы шекарада жүк өткізу кезінде болатын қиындықтарды жою мәселесі талқыланған. Қырғыз тарабы жүк өткізуде біріңғай алгоритм жасауды ұсынған. Сонымен бірге шекара аймағынан ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау үшін бірлескен сауда-логистикалық орталық ашу ұсынылған.

Су-энергетикалық мәселелер де сөз болған. Кездесу қорытындысында бауырлас екі елдің қарым-қатынасы одан әрі берік дами беретініне сенім білдірген.

Қазір оқып жатыр

Партиялар сайлаушыларға қандай уәде берді

.

Көрерменге кімнің сөзі өтімді болды? Теледебаттағы дауыс беру қорытындысы шықты

.

«Экономикалық романтиктер»: Respublica ЖСДП-ның сынына жауап берді

.

eGov-тағы 15 млн адамның дерегі darknet-ке тарады ма? Министрлік жауап берді

Комп