USD
USD
USD

Қырғызстан Қазақстанға шекараны ашуды ұсынды

Қырғызстан Қазақстаннан шекарадағы шектеулерді алып тастауды сұрады. Бұл туралы Қырғызстан сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев пен Қазақстан елшісі Рәпіл Жошыбаев кездескеннен кейін Қырғыстан СІМ сайтында жарияланды.

Қырғызстан Қазақстанға шекараны ашуды ұсынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кездесу қазақстандық тараптың бастамасымен 12 тамызда өткен

"Екі жақ қырғыз-қазақстан қатынастарындағы саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, шекара маңы салаларындағы өзекті мәселелерді талқылады. Мемлекет басшылары арасындағы уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысы, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен өңірлік бірлестіктер шеңберіндегі өзара іс-қимыл мәселелері жөнінде пікір алмасты", - делінген хабарламада.

Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық желісі бойынша тараптар іскерлік кеңесті жандандыру, ауыл шаруашылығы өндірушілеріне ыңғайлы болу үшін шекара маңындағы аумақтарда бірлескен сауда-логистикалық орталықтар құруды жеделдету, сондай-ақ жүк транзиті жөнінде пікір алмасты.

"Қырғыз тарапы екі елдің аумағы арқылы азаматтар мен көлік құралдарының еркін қозғалысы мен транзиті мақсатында, Қырғызстан азаматтарының Қазақстанға кіруіне кедергі келтіретін шектеу шараларын тез арада алып тастау қажеттігіне ерекше назар аударды", - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Құрылтай сайлауы мінсіз ұйымдастырылды – Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстанда байланыс операторларына 300 млн теңгеден астам айыппұл салынған

Айыппұл

Қазақта жүзге кірмейтін рулар көп – тарихшы

Қазақ рулары

Діни маркетинг: қасиетті құндылық пен коммерцияның арасы қайда?

Діни маркетинг