Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қырғызстан «бағыттама қағазын» әзірлеп жатыр

Төтенше жағдай кезінде Бішкек тұрғындары көшеге шыққысы келсе, өзімен бірге «бағыттама қағазын» алып жүруге міндетті. 

Қырғызстан «бағыттама қағазын» әзірлеп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Кубатбек Бороновтың сөзіне сілтеме жасап, kg.akipress.org хабарлады. 

Бороновтың айтуынша, халық 07: 00-ден 20: 00-ге дейін: 1) азық-түлік алуға, 2) дәріханаға, 3) дәрігерге бара алады. Бірақ ол үшін қолында «бағыттама қағазы» болуы керек. Егер азамат дәріханаға барғысы келсе, қағазда үйі мен дәріхананың және дәріхана мен үйінің аралығы көрсетіледі. Дәріхананың атауы мен мекен-жайы жазылады. Әр адам осы қағаз бен төлқұжатын өзімен алып жүруі керек.

Мысал ретінде Боронов былай деді: «Егер ол Манас-Токтогулда тұрса, қағазда баратын бағыты көрсетілуі керек. Патруль оны тоқтатқан жағдайда, оның шынымен де дәріханаға бар жатқанын қолындағы қағазына қарап біле алады. Егер ол қағаздағы бағыттан басқа жерде жүрсе, патрульде сұрақтар туындауы мүмкін. Сондықтан төтенше жағдай режимін бұзғандар жауапкершілікке тартылатыны ескертеміз».

Ішкі істер министрінің орынбасары Алмазбек Орозалиевтің айтуынша, «бағыттама қағазы» баспаға жіберілген. Оны халық полициядан алады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА