USD
USD
USD

Қырғызстан әуе кеңістігін неге ашты?

Қырғызстан індетке қарамастан барлық елдермен арадағы әуе кеңістігін ашты.

Қырғызстан әуе кеңістігін неге ашты?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қырғызстан коронавирус пандемиясына қарамастан, әлемнің барлық елдерінің азаматтарына мемлекетке келуіне рұқсат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар тұрақты әуе қатынасымен елге келе алатындығын хабарлады. Бірақ авиажолаушыларда ұшып-қону уақытынан 72 сағат аспайтын уақытта жүргізілген коронавирусқа ПТР-сынаманың теріс нәтижесі туралы анықтама болуы керек. Сонымен қатар, Қырғызстанға келгеннен кейін санитарлық-карантиндік пункттердің қызметкерлері де тест нәтижелерін тексереді. Егер анықтама мерзімі ұшу ұзақтығына немесе рейстің кешігуіне байланысты өтіп кетсе, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар келген жері бойынша тағы бір рет ПТР-сынағынан өтуге міндеттелінеді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy