USD
USD
USD

Қырғызстан атауы өзгеруі мүмкін

«Кыргыз жолу» қоғамдастығының төрағасы Қадырбек Кошалиев Қырғызстан атауын өзгертуді ұсынды, – деп хабарлайды 24.kg басылымы.

Қырғызстан атауы өзгеруі мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бішкекте кезекті конституциялық кеңес өтіп жатыр. Кошалиев Конституцияға ел атауын "Қырғыз Халық Республикасы" деп жазуды ұсынды. Оның айтуынша, негізгі заңның жобасында халық құрылтайы деген түсінік енгізіліп жатқандықтан, тиісінше халық республикасы болуы керек.

«Біз Конституцияға алғаш рет ресми түрде халық құрылтайы институтын енгізіп отырмыз. Халық билігі және мемлекеттік басқару деген түсінік бар. Бүгінде мемлекеттік машина халықты басып алды. Ешбір елде халық билігі жоқ, бізде олигархтардың билігі. Халық ықпал ететін күш керек. Барлық жоғары лауызымды халық құрылтайында бекіту керек. Сонда біз жемқорлықтың минимум деңгейіне жетеміз және шенеуніктердің жауапкершілігі артады», – деді ол.

Қазір оқып жатыр

Тағдыр тауқыметін тартқан жүз әйел көлік жүргізуді тегін үйреніп шықты

Көлік апаты

«Қазатомөнеркәсіп» акциялары 4%-дан астам құлады: сарапшылар не дейді?

Қазатомөнеркәсіп

«Ғаламат ғасыр» жұлдызы мен Түркияның өзге де танымал тұлғалары есірткі ісі бойынша ұсталды

Дениз Чакыр

«Таңғы 7:00-де жұмысқа келсін»: Қырғыз депутаты Бішкектегі кептелісті азайтудың жолын ұсынды

уақыт