USD
USD
USD

Қырғызстанда Ми-8 тікұшағы апатты жағдайда қонды: бірнеше адам жарақат алды

Қырғызстан Қорғаныс министрлігі таудағы альпинистердің зардап шеккенін, сондай-ақ эвакуацияға шыққан Ми-8 тікұшағының қатты қонғанын хабарлады, деп жазады Kabar.

Тау
Фото: Ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ведомствоның мәліметінше, бүгін Жеңіс шыңы маңында Қорғаныс министрлігіне тиесілі Ми-8 тікұшағы (борт нөмірі 205) апатты жағдайда қонуға мәжбүр болған. Экипаж альпинистерді эвакуациялау үшін ұшып шыққан еді.

– Биік таудағы қиын метеожағдайда қону кезінде тікұшақ қатты қонды. Бортта экипаж мүшелері мен құтқарушылар болған. Олардың барлығы аман, алайда бірнеше адам әртүрлі деңгейде жарақат алды. Жарақаттар олардың өміріне қауіп төндірмейді, – делінген министрлік хабарламасында.

Қазіргі таңда оқиға орнына арнайы мамандар жіберіліп, зардап шеккендерді эвакуациялау жұмыстары жалғасуда. Қорғаныс министрлігі жеке құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құтқару операциясын аяқтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы