Қырғызстан азаматы ФСБ тапсырмасымен Украина барлаушысын өлтіруге оқталды деп айыпталуда
Украинада Қорғаныс министрлігінің Бас барлау басқармасы офицерін өлтіруге оқталды деп айыпталған 28 жастағы Қырғызстан азаматының ісі сотқа жолданды.
Астана, NEGE. Прокуратура мәліметінше, ол Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) тапсырмасымен әрекет еткен.
Тергеу мәліметінше, ер адамды арнайы қызмет өкілдері Қырғызстан аумағында жүргенде кезінде-ақ жалдаған. Украинаға келгеннен кейін ол ФСБ өкілдерімен жасырын байланыс орнату үшін бірнеше смартфон мен SIM-карта сатып алған. Кейін оған қару жасырылған орынның координаттары мен украиналық барлау қызметкерінің фотосуреті берілген.
«2025 жылдың қараша айының соңында ол украиналық барлау қызметкеріне қастандық жасау үстінде ұсталды. Ұсталған адамнан қару мен оқ-дәрілер, сондай-ақ ФСБ-мен байланысын дәлелдейтін смартфон тәркіленді», – делінген қадағалаушы орган хабарламасында.
Ер адамға Украина Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша, соның ішінде кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша айып тағылған. Оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.