USD
USD
USD

Қырғыз-өзбек шекарасында жанжал болды

Қырғызстанда Баткен облысының билігі 13 мамырда қырғыз-өзбек шекарасында болған жанжалға түсініктеме берді.

Қырғыз-өзбек шекарасында жанжал болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады. Аймақ басшылығы жанжалдың тұрмыстық даудан туындағанын, жағдайдың бақылауда екенін айтты.

Ресми ақпарат бойынша, Баткен облысы Сай ауылының тұрғындары мен Өзбекстанның Сох ауданы Чашма ауылы тұрғындары дауласып, соңы төбелеске ұласқан. Артынша екі жақтан адамдар шекара аумағына жиналған.

Қазір оқиға орнында екі елдің билігі жүр. Олар түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Полиция тергеу амалдарын бастаған.

Осыған дейін Қырғызстан мен Өзбекстан шекарасында қырғыз азаматының соққыға жығылып, шамамен 30-40 адамның шекараға жиналғаны туралы ақпарат тараған еді.

Өзбек жағы әзірге оқиғаға түсініктеме бермеді.

Қырғызстан мен Өзбекстан шекарасының ұзындығы – 1378 шақырым. 2017 жылғы келіссөзден кейін шекараның 85 пайызы келісілгенін, 15 пайызы даулы күйде қалғаны хабарланған. Екі тәуелсіз ел арасында 30 жылға созылған шекара дауы түрлі жанжал мен төбелестерге себеп болып жүр.

Наурыз айының соңында Қырғызстан тарабы Өзбекстанмен шекара мәселесі «жүз пайызға шешілді» деп мәлімдеген. Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитет басшысы, қырғыз-өзбек шекарасында делимитация мен демаркация жүргізу мәселелері жөніндегі үкімет делегациясының жетекшісі Камчыбек Ташиев екі ел арасында «даулы аумақ қалған жоқ» деп мәлімдеген. Алайда кейбір қырғыз азаматтары шешімге наразы болып, акция ұйымдастырған.

Қазір оқып жатыр

«Өзекті мәселелерді талқылады»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев, Путин

Ақтөбе облысында екі жүзге жуық адам уланып қалған мейрамхана заңсыз жұмыс істеген

мейрамхана

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси