USD
USD
USD

Қырғыздар бар ақшасын жинап, Қытайдан алған қарызынан құтылмақ

Қырғызстанда мемлекеттің Қытайға қарызын өтеу үшін ақша жинау туралы ұсыныстар айтылды. Бұл туралы 19 қазанда Жогорку Кенеш депутаты, "Әйелдер кеңесі" қоғамдық бірлестігінің басшысы Айнұр Алтыбаева хабарлады,

Қырғыздар бар ақшасын жинап, Қытайдан алған қарызынан құтылмақ
Фото: NEGE.kz

 деп жазады zakon.kz.

Алматы, NEGE. "Бірлестік ақша жинамайды. Біз осы процестің басталуын ғана ұйымдастырамыз. Дайындық жүріп жатыр, мемлекеттік банктен есеп ашуға келісіп қойдық. Төлемдер сайтта көрсетіледі, бәрі әділ өтеді", - деді Алтыбаева.

Қыркүйекте Қытайдың сыртқы істер министрі Ван И Қырғызстанда ресми сапармен болды. Қырғызстанның сол кездегі президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесуде Пекинге берешекті төлеу мерзімін созу мәселесі талқыланған.

Қаржы министрлігінің мәліметі бойынша, Қырғызстан сыртқа 4 млрд 169,6 млн доллар (320 млрд 39,21 млн сом) қарыз. Соның 1 млрд 776,29 млн доллары (42,6%) Қытайдың Эксимбанкінен несие ретінде алынған.

Қазір оқып жатыр

Он ойыншымен қалған Фарер аралдарын Қазақстан құрамасы жеңе алмады

Матч

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы