USD
USD
USD

Қырғыз билігі уран мен торий өндірісіне тыйым салды

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков ел аумағында уран мен торий өндірісіне тыйым салатын заңға қол қойды. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Қырғыз билігі уран мен торий өндірісіне тыйым салды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұған қоса Қырғызстан аумағына уран мен торий шикізаты мен қалдықтарын кіргізуге заңмен тыйым салынды. Заң жобасын депутаттар тобы дайындады. 2019 жылы сәуір айында Қырғызстанда Ыстықкөл облысы аумағындағы Кызыл-Омпол уран кенін өндіру жоспару туралы жаңалық естіген жергілікті тұрғындар наразылыққа шықты. Белсенділер петиция әзірлеп, Бішкекте, Балыкчиде, Каракөлде және кеннің өзінде митинг өткізді.

Соған байланысты үкімет 22 сәуірде Кызыл-Омпол кеніндегі өндірісті тоқтатуға мәжбүр болды. 25 сәуірде кендегі жұмыс толық тоқтады. Өндіріске 2010 жылы рұқсат алған «ЮрАзия в Кыргызстане» компаниясы уранды қауіпсіз жолмен өндіргісі келетінін, ол үшін 271 млн сом жұмсағанын мәлімдеді.

2 мамырда Жогорку Кенеш Қырғызстанда уран кендерін өндіруге тыйым салатын қаулы қабылдады. Қырғыз президенті Сооронбай Жээнбековтің бұл мәселеге қатысты ұстанымы 4 мамырда жарияланды. Ол: «Қырғызстанда уран өндірілмейді» деп мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жиналған қаржы таратылды

Маңғыстау

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған

Астанада мүгедектігі бар адамдарға 86 мың теңгеге дейін біржолғы көмек беріледі

әлеуметтік төлем

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков