USD
USD
USD

Кіреберістен табылған сәби балалар үйіне берілді

3 наурызда Майқұдықта көпқабатты үйінің кіреберісінен табылған екі айлық сәби "Шапағат" сәбилер үйіне ауыстырылды.

Кіреберістен табылған сәби балалар үйіне берілді
Фото: NEGE.kz

Оның анасы әлі іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Нұр-Сұлтан, NEGE.  "Сәби "Шапағат" мамандандырылған балалар үйіне ауыстырылды. Полиция оның биологиялық анасын іздестіріп жатыр. Нәтижесін күтіп отырмыз. Іздестіру шаралары аяқталғаннан кейін сотқа жүгінеміз. Анасы табылса, баланың туған күнін, оның жеке мәліметтерін анықтай аламыз. Табылмаса, сот арқылы нәрестенің туған күнін анықтауға мәжбүр боламыз. Содан кейін ғана оған есім беріледі", - деді Қарағанды білім беру бөлімінің қамқоршылық және қорғаншылық секторының меңгерушісі Әсем Ерішева.

Ведомство өкілдері баланың анасы табылса да оған сәбиді ешкім берейтінін айтып отыр. Мәселені сотпен ғана шеше алады. Баланың болашақ тағдырын сот шешеді.
 
Еске салайық, Қарағандыда наурыздың басында екі айлық қыз табылды. Оны 15-інші шағын ауданның тұрғындары тапқан. Олар баланы көп қабатты үйдің кіреберісінен тауып, полицияға хабарлады. 

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер