USD
USD
USD

Кинотеатрлар қайта жабыла ма?

Егер келушілердің бірі коронавирусты кинотеатрдан жұқтырғаны анықталса, ол жабыла ма? Бұл сұраққа онлайн брифинг барысында Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин жауап берді.

Кинотеатрлар қайта жабыла ма?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жандарбек Бекшин Қазақстанның бас санитарлық дәрігерінің № 57 қаулысына сәйкес, Алматыдағы кинотеатрлардың жұмыс істеуіне рұқсат берілгенін атап өтті. «Келушілердің біреуі ауру жұқтырса, кинотеатрлар жабылмайды.

Инфекция фактісі расталса, онда ол қарқынды түрде дезинфекцияланады. Егер инфекцияның қайталанған жағдайлары болса, онда бұл кинотеатр жабылуы әбден мүмкін.

Бұл мәселе әлі де қарастырылатын болады. Біз барлық тұрғындар мен кәсіпкерлерден денсаулық сақтау министрлігінің барлық профилактикалық шаралары мен талаптарын орындауды сұраймыз», – деп жауап берді Жандарбек Бекшин.

Еске салайық, Алматыдағы кинотеатрларға 26 қазаннан бастап жұмыс істеуге рұқсат берілген.

Қазір оқып жатыр

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.