USD
USD
USD

Кинотеатр иелері 15 миллиард теңге жоғалтқан

Кинотеатр иелері бизнесі құрдымға кеткенін айтты, "Хабар 24" телеарнасы.

Кинотеатр иелері 15 миллиард теңге жоғалтқан
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кәсіпкерлер карантин шаралары жеңілдегеннен кейін оларға жартылай жұмыс істеуге де рұқсат берілмегенін айтады. Залдардың бірнеше ай қатарынан бос тұруынан кәсіпкерлер банкротқа ұшыраған.

Қазақстан кинотеатрлар иелері қауымдастығының мәліметінше, олар 10-15 миллиард теңгеге дейін табысын жоғалтқан. Кәсіпкерлер оларға қашан жұмыс істеуге рұқсат берілетінін нақты түсіндіруді сұрап отыр. Олар коронивирустың екінші толқыны болуы мүмкін деген болжамның болуына байланысты кинотеатрлардың жұмыс істеуіне рұқсат берілетініне күдікпен қарайды.

Карантин салдарынан қазақстандық кинобизнес бес жылға артқа қалыпты. Қазақстан кинотеатрлар иелері қауымдастығының президенті Мунира Ягудинаның айтуынша, залдар неғұрлым ұзақ бос тұрса, бизнесті қалпына келтіру соғұрлым қиын болады. 

Қазіргі таңда кәсіпкерлердің басым бөлігі түсініксіз жағдайға алаңдап отырғанын айтады. Олардың айтуынша, кәсіпкерлерге ешкім қалай жұмыс істейтінін және қандай жағдайға бейімделу керегін түсіндірмеген.

Қазақстандағы 92 кинотеатрдың жетеуі жабылыпты. Көптеген кәсіпкер карантиннен кейін ашыла алмайтынын айтады. Мунира Ягудина кинозалдар қандай жағдай болса да жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді. Егер қазанда кәсіпкерлер кем дегенде бірнеше картинаны жалға алса, бұл оларға бизнесті сақтап қалуға септігін тигізеді екен.

"Біз не істерімізді білмей отырмыз. Шын мәнінде не болып жатқанын түсінбейміз. Себебі, қазір театрлар  ашық. Алайда біз ашуға ерік беретін жағдайға жетіп отырмыз. Біз не істерімізді білмей отырмыз. Адамдарға жалақы төлеу үшін кез-келген жағдайда ашылуға келісеміз", - дейді Ягудина.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтардың ағылшын тілін білу деңгейі «өте төмен» деп бағаланды

Студент қыз

Павлодарда Аграрлық несие корпорациясы филиалының басшысы 25 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді

Пара алу

Шахмұрат Мүтәліп «Алтыналмастың» ірі акционерлерінің қатарына қосылды

Шахмұрат Мүтәліпов

ІІМ тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын қорғайтын жаңа жүйені сынап жатыр

Айжан Аймағанова