USD
USD
USD

Kinopark желісі отандық фильмдерден жарнама үшін заңсыз ақша алған

Алматыда Kinopark – Kinoplexx Theatres кинотеатрлар желісінің әрекеттерінен үстем жағдайды асыра пайдалану белгілері анықталды.

Кинотеатр
Фото: gov.kz

Астана, NEGE.  Бұл жөнінде Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлады.

Агенттіктің Алматы қаласы бойынша департаменті өкілдерінің анықтауынша, желі отандық киноөндірушілерге жарнама бюджетiн төлеуді міндеттеген. Төлем жасалмаған жағдайда фильмдер көрсетілімге жіберілмеген. Бұл талаптар бәсекелестікті шектеп, нарыққа кіруге кедергі келтірген.

«Осыған байланысты Kinopark – Kinoplexx Theatres компаниясына бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу белгілерінің бар екендігі туралы хабарлама жолданды. Хабарламаны қарау нәтижесінде анықталған құқықбұзушылықтар жойылды», – делінген БҚДА хабарламасында.

 Қазіргі уақытта прокатқа қатысты ашық және бірыңғай регламент әзірленіп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Полиция полковнигіне қоластындағы қызметкерді жыныстық қатынасқа мәжбүрлегені үшін 6 млн теңгедей айыппұл салынды

Данияр Мейірхан

Ресей елшілігі Тараздағы ескерткішке жасалған вандализмді саяси экстремистік әрекет деп бағалады

Бүлінген стела

Тоқаев Дженсен Хуангты аты аңызға айналған көрнекті инженер деп атады

Қасым-Жомарт Тоқаев, Дженсен Хуанг

Қазақстанда келер жылы UFC турнирі өтуі мүмкін

Шавкат