USD
USD
USD

«Қымыз іштім»: Шымкентте мас жүргізуші бағдаршамды құлатып, көлікті соғып кеткен

Шымкентте жүргізуші куәлігінен айырылған мас жүргізуші бағдаршамды құлатып, көлікті соққан, деп хабарлайды Polisia.kz.

Мас жүргізуші бағдаршамды құлатты
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. ЖКО тапа-тал түсте Рысқұлов пен Қазиев көшелерінің қиылысында болды. Alphard басқарған мас ер адам бағдаршамды соғып, кейін артымен жүріп, жол үстінде келе жатқан Toyota Camry көлігімен соқтығысқан.

Апат ЖБО камераларына түсіп қалған. Бейнебақылау инспекторлары оқиға орнына патрульдік автоэкипажды жолдады. Өзін біртүрлі ұстаған жүргізушіні тәртіп сақшылары алкоголь тұтануын тексеру үшін медициналық куәландырудан өтуін сұрады.

Жауабында құқық бұзушы өз әрекетін «мен тек қымыз іштім» деген сөздермен ақтауға тырысты. Оның орташа масаң күйде болғаны анықталды. Қала тұрғыны мұндай жағдайда рөлге бірінші рет отырмағаны белгілі болды. Ол 1,5 жыл бұрын ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша жүргізуші куәлігінен айырылған.

Қазір азаматқа қатысты Қылмыстық кодекстің бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Ол көлік басқару құқығынан айырылып, масаң күйде тізгіндегені үшін бірнеше жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19%-ы қатысты – ОСК

Құрылтай сайлауы

Албания Орталық сайлау комиссиясының өкілі: Келушілер қарасы мол

Құрылтай сайлауы

Маңғыстауда жаңа сайлау учаскелерінде дауыс беру белгіленген тәртіппен ұйымдастырылып жатыр

Балым

Ер адамдардың бір-бірін құшақтап, сүйіп амандасуы дұрыс емес – Тоқаев

жүріс-тұрыс әдебі