USD
USD
USD

Кимге «Жаңа Қазақстан» қызық емес сияқты. Бұлар НЕГЕ Ресейге қарап «ұлып» отыр?

NEGE дереккөзінің хабарлауынша, Қазақстандағы ең бай олигарх, «Қазақмыс корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 70% үлесін ұстап отырған Владимир Ким осы үлесін сатуға кет әрі емес. Және ол бойынша Ресей олигархтары, ағайынды Ротенбергтермен келіссөздер өткен. Бірақ оның нәтижесі әзірге белгісіз.

Кимге «Жаңа Қазақстан» қызық емес сияқты. Бұлар НЕГЕ Ресейге қарап «ұлып» отыр?
Фото: NEGE.kz

«Қазақмыс» корпорациясының әлдебір өзгерістердің алдында тұрғанын компания басшылығы ауысқанынан байқауға болады. Компанияны 2006 жылдан бері, яғни 16 жыл бойы басқарған екінші акционер (акциялар үлесі 30%) Эдуард Огай орнынан кетті. Былтырғы выручкасы триллион теңгеден асып кеткен алпауытты басқаруға 1989 жылы туған жас маман Нұрахмет Нұриев тағайындалды.

Нұрахмет Нұриев. Фото: kazakhmys.kz

Акционерлер Нұриевті транзиттік фигура ретінде қойып отырғаны түсінікті. Бәрі тыныш болса, Огай орнынан ешқайда кетпейтін еді. «Арқада қыс жайлы болса, арқар ауып несі бар?» демейтін бе еді?

«Ким мен Огайға Жаңа Қазақстан аса ұнамады», – дейді дереккөз. Егер жақсы баға ұсынылатын болса, олар Қазақстандағы активтерін сатып, бизнестерін Ресейге ауыстыруға мүдделі.

"Қазақмыс корпорациясы" ЖШС 2021 жылдың қортындысы бойынша аудиттелген қаржы есебі. Аудитор: Ernst&Young

«Қазақмысты» сату оңай бола ма? Владимир Кимнің өз компаниясынан біршама қарыз алып алғанын аудиттелген қаржы есептілік көрсетіп отыр. Ол өз компаниясына 8 миллиард теңге қарызын төлемей, оны шығындарға жатқыза салды.

Былтыр күзде, Қаңтар оқиғасына дейін «Қазақмыстан» 217 миллиард теңге тағы да қарыз алды. Владимир Кимге оңай қарыз беретін «Қазақмыс» басқа банктерге 77 миллиард теңге қарыз екен.

Назарбаев тобының бизнестерін Қазақстаннан Ресейге ауыстыра бастағаны байқалады. Түренге алғашқы соқаны Назарбаевтың өзі салды. Оның қаржылық тобы Ресейдің Азия-Тынық мұхиты банкін сатып алды.

Банкке уақытша қазақ қаржыгері Қайрат Алтынбеков басшылыққа келді. Енді Назарбаевтың артынан оның олигархтары да кететіні сөзсіз.

Владимир Ким, Тимур Құлыбаев, Екібастұздағы апаттан кейін Александр Клебанов – бәрі де Ресейге қарап, «ұлып» отыр...

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Назарбаева

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

Медет Жээналиев

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

Алматы жастары