USD
USD
USD

Кімдер ПТР-тестілеуден тегін өтеді?

 Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасы Болат Төкежанов ПТР-тестілеуден өтуге қатысты түсінік берді.

Кімдер ПТР-тестілеуден тегін өтеді?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «ПТР-тестілеу, яғни коронавирус инфекциясына тексеруден өту медициналық көрсеткіштер бойынша ЖРВИ белгілері мен вирусты пневмония болғанда Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі есебінен жүргізіледі. Пациенттердің жеке санаттарына, яғни ауруханаға жоспарлы жатқызу, емдеуге жатқызғанға дейінгі тексеруде ПТР-тестілеу Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры активтері есебінен төленеді», - деп түсіндірді Төкежанов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның сөзіне қарағанда, мобильді бригаданы шақыру кезінде көрсеткіштер бойынша ПТР-тестілеуді жүргізу ақысыз жасалады. «Жалпы, биылғы наурыздан шілде айы аралығында жарты миллионға жуық ПТР-зерттеу жүргізіліп, оның барлығы медициналық сақтандыру қаржысы есебінен өтелді», - деді Болат Төкежанов.

Қазір оқып жатыр

NEGE-нің атын жамылған жалған Telegram-арна пайда болды: редакцияның ресми мәлімдемесі

Nege

«Мен оларды танымаймын»: Петропавлдық блогер аза тұту күнінде билегені үшін қамауға алынды

Петропавл тұрғыны

Ресей Қазақстанға 1 млн рубльден артық қолма-қол ақша шығаруға тыйым салды

Рубль

Қазақстандық хирургтар алғаш рет роботтың көмегімен асқазанға күрделі операция жасады

Робот көмегімен ота жасау сәті