USD
USD
USD

Қымбатшылық: Жағдайы төмен отбасыларға мемлекет тарапынан қандай көмек көрсетіледі?

Азық-түлік, қажетті тауарлардың бағасы күн санап өсіп жатыр? Осы жағдайда күнкөрісі төмен, табысы аз отбасыларға қандай көмек көрсетіледі? Nege.kz сайтының тілшісі жолдаған сауалға ҚР Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шапкенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жауап берді. 

Қымбатшылық: Жағдайы төмен отбасыларға мемлекет тарапынан қандай көмек көрсетіледі?
Фото: NEGE.kz

«Табысы аз, күн көрісі төмен отбасыларға арнайы атаулы көмек бар. Осының аясында көмек көрсетіп жатырмыз. Қазірдің өзінде 500-ден астам азамат осы көмекті алды. Сонымен қатар, былтырғы жылы 900-ден астам азамат алған болса, оның 600-і бала. Балаға қатысты әлеуметтік көмекті біз былтырғы жылы жаңалаудан өткіздік. Ол арнайы әлеуметтік көмегімізде осы азық-түлік себеттері бар. Оны атаулы әлеуметтік көмек алған жанұяларға үлестіріп жатырмыз», - деді Серік Шапкенов. 

Министрдің айтуынша, аталған шара материалдық жағдайы қиын, атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларға аз да болса көмегін тигізеді. 

Қазір оқып жатыр

Борышкерлердің шотында өмір сүруге жететін қаражат қалуы керек – депутат

Алмас Мұхаметов

Тоқаев «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев, Вагит Алекперов

Тіл жайлы сөзі үшін басы дауға қалған гидті полиция тексереді

Татьяна

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға