USD
USD
USD

Қымбатшылық әлем елдеріне ортақ мәселеге айналды

Баға күн сайын құбылып тұр. Инфляция деңгейі АҚШ пен кәрі құрлық елдерінде бұрын соңды болмаған рекордты көрсеткіштерге жетті. Мұның себебін сарапшылар Ресей мен Украина арасындағы қақтығыспен байланыстырып отыр, деп хабарлайды 24.kz.

Қымбатшылық әлем елдеріне ортақ мәселеге айналды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Пандемия құрсауында болған жер жүзі халқы үлкен сынақты ұмыта қойған жоқ. Одан кейінгі геосаясаттағы ірі қақтығыстар экономикаға үлкен соққы болып отыр. АҚШ-та қазір инфляция өршіп тұр. Жанармай бағасы рекордтық көрсеткішке жетті. Халық бір галлон бензин үшін  $4,4 төлейді. Бұл бұрын-соңды болмаған баға. Мамандардың айтуынша, мұндай жағдайға ең алдымен Украинадағы  күрделі ахуал әсер еткен.

«Мен жанармайды 6 доллардан құйдыртып, 75 доллар төледім. шағын фургон үшін осыншама көп ақша шығындағаным дұрыс емес қой.

Шарықтап бара жатқан инфляцияны бақылауға алу үшін жуырда Федералдық резерв жүйесі негізгі пайыздық мөлшерлемені көтерді. Бірақ кей сарапшылар, пайыздық ставканың бұлай өсуі өзге мемлекеттердің мүмкіндіктерін шектеп, экономикалық дамуын тежейді. Доллар қымбаттап, ұлттық валюталар әлсірейді, дейді. 

Фаджар Хираван, Экономика бойынша ғылыми қызметкері:

-Федералды резерв қызметінің мәліметтеріне сүйенер болсақ, Америка Құрама Штаттары инфляцияны бақылауға алу үшін долларды өте көп мөлшерде басып шығарып жатыр. Менің ойымша, бұл экономикаға өз әсерін береді. Пайыздық мөлшерлемені көтеру арқылы доллар АҚШ экономикасына тартымды болады. Себебі бүкіл әлемдегі долларлық валюта мен инвестицияны елге қайтарға септігін тигізеді. Бірақ бұл шара тез арада жүзеге асса, әлемдік экономикаға қауіп төндіруі мүмкін.

Грекияда жылдық инфляция сәуірде 10 проценттен асып кетті. Статистика басқармасының хабарлауынща, бұл, соңғы 28 жылдағы ең жоғарғы көрсеткіш. Сарапшылар мұны энергия ресурстарының, ауыл шаруашылығы шикізаты мен азық-түлік өнімдерінің қымбаттауымен байланыстырады. Мәселен, былтырғы жылмен салыстырғанда табиғи газ 122 электр қуаты 90, ет 14, көкөніс 13,8 процентке қымбаттаған.

Испанияда да осыған ұқсас жағдай. Халық көп тұтынатын өнім бағасы сәуір айында 10 пайызға өскен. Энергия көздерін тұтыну құны тіпті аспандап кетті. Сондықтан ел билігі жуырда газ бағасына шектеу қойды.

Изабель Родригес, Испания үкіметінің ресми өкілі:

-Бұл өте маңызды шара. Өйткені бұл тұтынушылар бағасы индексінің өсу тенденциясын бәсеңдетеді. Соның арқасында қарапайым отбасылар мен бизнес өкілдерінің энергия шығындары азаяды. Ал бұл ел экономикасына

Қазір оқып жатыр

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Парламент

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

.

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Өзбекстан азаматы

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін

Автосақтандыру