Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қымбат VS Арзан: Қазақстан сауда нарығындағы өзгеріс

Қазақстанда азық-түлік бағасы бір айда 0,8% қымбаттады. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті.

Қымбат VS Арзан: Қазақстан сауда нарығындағы өзгеріс
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 2021 жылғы мамырда оның алдыңғы сәуір айына қарағанда баға азық-түлік тауарларына – 0,8%, азық-түлік емес тауарларына – 0,6%, ақылы қызметтерге 0,7% жоғарылады.

Бағаның өсуі қызылшаға – 27,7%, сәбізге – 16,1%, картопқа – 11,1%, күнбағыс майына – 3,3%, қой етіне – 3,2%, қырыққабатқа – 3%, құмшекерге, жаңа жиналған жемістерге – 1,7%-дан, жармаларға, макарон өнімдеріне, құс етіне – 1,3%-дан, шайға – 1,2%, ет өнімдеріне – 1,1%, ұнға, сары майға – 1%-дан, сүтке 0,8% тіркелді.

Сондай-ақ минералды және ас су – 2%, салқындатылған сусындар – 1,7%, алкогольді сусындар 0,9% қымбаттады.

Мамыр айында арзандады: қияр – 23,4%, қызанақ – 17,2%, жұмыртқа 2,8%, апельсин 2,8%.

Баға өсті: автомобильдерге – 2%, шыны және қыш бұйымдарға – 1%, ыдыс-аяққа – 0,9%, жуғыш және тазалағыш құралдарға – 0,8%, киім және аяқ киімге – 0,7%, құрылыс материалдарына – 0,6%, жеке қолданылатын тауарларға 0,4%.

Бұдан бөлек, бензин құны – 1,8%, баллондағы сүйытылған газ – 1,2%, дизель отыны 0,9% көтерілді.

Монша қызметі – 2%, санаторий қызметі – 1,9%, кабельдік телевизия қызметі – 1%, шаштараздар мен сұлулық салондар қызметі, қонақүйлер қызметі – 0,9%, қоғамдық тамақтану қызметі – 0,6%, жолаушылардың әуе көлігімен жол жүру ақысы – 8,7%, қалалық автобуспен қатынау 1,4% қымбаттады. Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер қоқыс шығаруға – 5,7%, электр энергиясына 1,7% жоғарылады, ал ыстық суға 1% төмендеді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА