USD
USD
USD

Қымбат бас киім киіп көзге түскен Сауранбаев өзін «аскетпін» деді

Көлік министрі әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен қымбат брендке тиесілі кепкасына қатысты сауалға жауап берді.

сауранбаев
Фото: ertenmedia.kz

Астана, NEGE. Бұған дейін Нұрлан Сауранбаев Мәжіліс отырысына италиялық Loro Piana брендінің кепкасын киіп келген еді. Осыдан кейін әлеуметтік желі қолданушылары бас киімнің бағасы 1 800 еуро екенін айтып, оны шамамен 1 миллион теңгеге бағалаған болатын.

Бүгін Үкіметтегі брифингте журналистер министрден кепканы нақты қанша теңгеге сатып алғанын сұрады. Нұрлан Сауранбаев желіде тараған баға шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

«Бас киімімнің қай брендке тиесілі екенін сізден білдім. Шынымды айтсам, брендтерді ажырата бермеймін. Өмірде өзімді аскет санаймын, атауын енді естіп тұрмын. Дегенмен, айтылып жүргендей аса қымбат емес. Бағасына қатысты қате пікірлер тараған. Одан әлдеқайда арзан тұрады», – деді ол.

Журналист жеңілдікпен алынған күннің өзінде кепканың құны шамамен 500 мың теңге болуы мүмкін екенін айтқанда, министр оның бағасы одан да төмен екенін жеткізді. Сондай-ақ ол киім таңдауда сән қумауға, қарапайымдылыққа басымдық беретінін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.

Тоқаев әкесіне арналған ескерткіш тақтаға гүл шоғын қойды

.

Бекет ата жерасты мешіті бастаған бес киелі орын ЮНЕСКО тізіміне енді

.