USD
USD
USD

«Кімасар» шатқалында адасып қалған адам құтқарылды

Алматының құтқару қызметі «Кімасар» шатқалында жалғыз өзі адасып қалған ер адамды тауып, қалаға жеткізді.

«Кімасар» шатқалында адасып қалған адам құтқарылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Құтқарушылар геолокация арқылы «Кімасар» шатқалында тоңып отырған 28 жастағы ер адамды тапты. Ол медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ. Құтқарушылардың көмегімен қалаға эвакуацияланды», – деп хабарлады Алматы қаласының құтқару қызметінен.

Құтқару қызметіне қалалық төтенше жағдайлар департаментінен «Фурманов» шыңының аумағында жас жігіттің жоғалуына байланысты шақырту түскен.

Белгілі болғанындай, ол дауыл туралы ескерту хабарламаларға мән бермей, күндіз жалғыз өзі тауға шығып кеткен. Қараңғы түскенде келген жолын таба алмай, адасып қалған.

Қазір оқып жатыр

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити