USD
USD
USD

Ким Чен Ын тірі ме?

Сенбі күні солтүстіккореялық БАҚ КХДР басшысы Ким Чен Ын түсірілген бейнероликті жариялады. Бұл оның соңғы 20 күн ішінде алғаш рет көпшілік ортадан көрінуі, деп хабарлайды ВВС.

Ким Чен Ын тірі ме?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мәліметке сай, кадрлар Ким Чен Ын Сунчхон қаласындағы тыңайтқыштар өндіретін зауыттың ашылуына қатысқан сәтте түсірілген. Айта кетейік, Ким Чен Ын көпшілік ортада 12 сәуірден бері көрінбеген болатын. Бұған дейін Оңтүстік Кореяның бұқаралық ақпарат құралдары КХДР басшысы жүрегіне күрделі ота жасатып, ауыр халде жатқанын хабарлаған болатын. Алайда ел билігі бұл мәліметті жоққа шығарған еді. Сеулде билік өкілдері оларға КХДР-дан 36 жастағы ел басшысы ауыр науқас екені жайлы еш мәлімет келмегенін атап өткен болатын.

Қазір оқып жатыр

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы 4 жылға сотталды

Қадырбек Атамбаев

«30 доллардан басталады»: мамандар киберқылмыс қызметінің бағасын анықтады

хакер

Астанада тұрақта тұрған тағы бір көлік өртке оранды

Өртке оранған көлік

Перизат Қайраттың туысынан Дубайда құны 5,9 млн доллар болатын жеті пәтер анықталды

Перизат Қайрат