USD
USD
USD

Ким Чен Ын таяу күндері Путиннің шақыруымен Ресейге барады

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын Ресей президенті Владимир Путиннің шақыруымен жақын күндері Ресейге барады, деп хабарлады Кремль. Бұған дейін Ресей президентінің баспасөз қызметі мұндай сапарға дайындық барысы туралы ақпаратты жоққа шығарған болатын.

Ким Чен Ын таяу күндері Путиннің шақыруымен Ресейге барады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Ресей президенті Владимир Путиннің шақыруымен Корея Халық Демократиялық Республикасының Мемлекеттік істер жөніндегі төрағасы Ким Чен Ын таяу күндері Ресей Федерациясына ресми сапармен барады», - делінген Кремльдің Telegram-каналында.

Бұған дейін The New York Times Ким Чен Ын мен Владимир Путиннің кездесуі мүмкін екенін жазған болатын. Басылым АҚШ шенеуніктеріне сілтеме жасап, КХДР мен Ресей басшылары Украинадағы әскери операцияны жалғастыру үшін ресейлік тарапқа қосымша қару-жарақ жеткізу мүмкіндігін талқылайды деп хабарлаған болатын. 

Қазір оқып жатыр

Қырғызстанда арнайы куәлігі жоқ блогерлерге діни уағыз айтуға тыйым салынды

Блогер

Астанадағы фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты іс прокурорға қайтарылды

 Меруерт Абаева

Қыркүйекте Қазақстанда жылдық инфляция 9,3%-ға дейін төмендеді

Тиындар

Алматыда сүт безі обыры диагнозымен жиырмаға жуық ер адам есепте тұр – онколог

Дәрігер мен науқас