USD
USD
USD

Ким Чен Ын өз апайын өлтірмепті

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның жеті жыл бұрын «жоғалып» кеткен апайы табылды. 2013 жылы мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деген айыппен күйеуі жазаланған сәттен бастап Ким Кен Хуэй ел көзінен тасаланған.

Ким Чен Ын өз апайын өлтірмепті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жексенбі күні KCNA мемлекеттік ақпарат агенттігі жариялаған суретте Ким Кен Хуэй немере інісі әрі Солтүстік Кореяның басшысы Ким Чен Ынмен бірге кәріс жаңажылдық мерекесінің салтанатты концертінде отырған сәті бейнеленді.

Ким Кен Хуэй – Солтүстік Корея мемлекетін қалыптастырған Ким Ир Сеннің қызы, бұған дейінгі басшы Ким Чен Ирдің туған қарындасы. Оның күйеуі Чан Сон Тхек Ким Чен Ынның билік басына келуіне жауапты тұлға болған әскери мансаптағы үлкен шенеунік, мемлекеттегі екінші адам болған.

Чан Сон Тхек пен оның пікірлестерін жалаңаш шешіндіріп 120 аш итке тірідей талатып өлтірген деген сыбыс бар. Ал, Оңтүстік Корея тыңшылық қызметі оны әскери ауыр техникаға қарсы қолданылатын автоматты қарудан атып өлтірілгенін жеткізеді.

2011 жылы Ким Чен Ынның билік басына келуіне ерекше ықпал еткен жездесін солтүстіктік кореялық жас басшы басқа шенеуніктерге үрей тудыру үшін әдейі өлтірткен деген де болжам бар.

Қазір оқып жатыр

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.