USD
USD
USD

Ким Чен Ын мен Путин Пхеньянда жеке кездесу өткізіп жатыр

Владимир Путин КХДР басшысының шақыруымен Солтүстік Кореяға мемлекеттік сапармен келді.

Путин, Ким Чен Ын
Фото: әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Ресей президентін әуежайда Ким Чен Ынның өзі қарсы алған. 

Ресей президенті Владимир Путин Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынды Мәскеуге шақырды. Ресей басшысы 2023 жылы Ким Чен Ынның сапарының нәтижесінде Ресей мен КХДР мемлекетаралық байланыстарды құруда айтарлықтай жетістіктерге жеткенін айтты. 

Кымсусан резиденциясында екі ел басшыларының кездесуі өтіп жатыр. 

Ресей КХДР-дың Ресей саясатына, соның ішінде Украинадағы қақтығыс мәселесіне көрсеткен қолдауын жоғары бағалайды. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин 19 маусымда Солтүстік Корея төрағасы Ким Чен Ынмен келіссөздердің ашылуында мәлімдеді.

Сондай-ақ Ресей басшысы Солтүстік Корея төрағасы Ким Чен Ынмен келіссөздер нәтижелі болатынына сенім білдірді. Ол екі елдің үкімет басшылары мен тиісті ведомстволары Ким Чен Ынның 2019 және 2023 жылдардағы Ресейге сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру үшін белсенді жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

Еске салайық, Путин КХДР астанасы Пхеньянға 18 маусымда келген болатын. Бұл Владимир Путиннің КХДР-ға екінші сапары.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

.

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

.

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

.

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты

.