USD
USD
USD

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырғаны үшін жаза күшейеді – Мәжіліс

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырғаны үшін жаза күшейеді – Мәжіліс
Фото: NEGE.kz

ҚазАқпарат.

Астана, NEGE. Заң жобасы кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың ұлттық жүйесін жақсарту, сондай-ақ ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының халықаралық стандарттарын іске асыру мақсаттарында әзірленді. Құжат заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерін ашу міндетін белгілеуге, кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған трасттарға немесе басқа да корпоративтік құрылымдарға қолдануға бағытталған.

Сонымен қатар заң жобасында терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген субъектілердің тікелей немесе жанама бақылауындағы қаражат пен өзге де активтерді тоқтату ескерілген.

Құжат аясында қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейту және ФАТФ ұсынымдарында айқындалған бірқатар қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін «мүлікті тәркілеу» түріндегі қылмыстық жазаны белгілеу қарастырылған.

Мұнымен қоса, заң жобасы «террористік әрекет» ұғымын кеңейту мақсатында «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңның ережесін Қылмыстық кодекстің ережелеріне сәйкес келтіруге бағытталған.

Палатаның жалпы отырысында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе заң жобасы да екінші оқылымда мақұлданды.

Бұл құжаттар енді Сенаттың қарауына енгізіледі.

Қазір оқып жатыр

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңімпазға қатысты дауға нүкте қойылды

жеңімпаз

Қазақстанның кей өңірінде сифилис инфекциясының таралуы көбейген

Дәрігер

«Центр плова Loft» ісі бойынша сот Ақмола облысы әкіміне жеке қаулы шығарды

блогер соты

Қарағандыда оқ жарақатын алған ер адам мен әйелдің мәйіті табылды

Полиция