USD
USD
USD

«Қылмыстық істің бізге қатысы жоқ»

Шымкентте болған алаяқтық іс жөніндегі тергеу амалдары «Азаматтарға арналған үкімет» қызметкерімен байланысты еместігін мемлекеттік корпорацияның баспасөз қызметі мәлімдеп отыр.

«Қылмыстық істің бізге қатысы жоқ»
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «13-қарашада жекелеген БАҚ-тарда «Шымкент қаласындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының халықты заңмен қамтамасыз ету бөлімінің маманы алаяқтақ жасаған» деген ақпарат тараған.  Осы орайда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы аталмыш маманның іс-әрекеті өзінің қызметтік міндеті мен корпорацияның тікелей қызметіне қатысы жоқтығын мәлімдеп отыр.

Антикоррупциялық қызмет өздеріне Cаll-centеr арқылы түскен алаяқтық әрекет фактісінің анықталғандығын жария еткен еді. Онда мем.корпорация қызметкері сенімге кіру және алдау арқылы бір азаматтың 250 мың теңге қаржысын жер мәселесіне қатысты сот ісін тиімді шешіп беремін деген желеумен алу фактісі бойынша күдікке ілінген» дейді, ҚазТАГ агенттігі.

Қазір оқып жатыр

«Ордабасы» ҚПЛ жеңімпазы атанды

Ордабасы

«Тентек» шахтасы кейінгі он жылда алғаш рет миллион тонна көмір өндірді

.

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент