Қылмыстық жауапкершіліктен жалтаруға тырысқан 140-тан астам адам ұсталды
Ішкі істер министрлігі қылмыстық жауапкершіліктен жалтаруға тырысқан адамдарды іздеу және ұстау бойынша жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы, NEGE. Биыл мамыр айында 140-тан астам адамның жүрген жері анықталып, ұсталды, оның сегізі шетелде құрықталған.
Алматы қаласында Түркістан облысының екі тұрғыны ұсталды. Олар Арыс ауданында жергілікті тұрғыннан 3,4 млн теңгеден астам қаржы мен автокөлікті күш қолдану арқылы бопсалаған. Сонымен қатар Жамбыл облысы полиция департаментімен және Өзбекстан ІІМ қызметкерлерінің көмегімен Ташкент қаласында 22 жастағы тараздық тұрғын ұсталды. Ол 2022 жылдың соңында танысын алдап, жалпы құны 24 млн теңгеден астам төрт автокөлікті иемденіп, кейін оларды үшінші тұлғаларға сатып жіберген.
Қазір оқып жатыр
Жетісу облысында психикалық бұзылыстары бар адамдар көлік жүргізіп келген
Атырау облысында хирург МӘМС аясында тегін жүргізілетін отаға ақы алып келген
Алматыда автобустың дөңгелегі шұңқырға түсіп кетіп, жолды жауып тастады
ҰБТ-да смартфон мен шпаргалка алып өтпек болған 522 талапкер тесттен шеттетілген