USD
USD
USD

Қылмыскерлер «Сергек» камераларына қол салуды бастаған

Елордада қылмыскерлер «Сергек» камераларының аккумуляторын ұрлап келген, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті.

Қылмыскерлер «Сергек» камераларына қол салуды бастаған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Астрахан тасжолы бойында орналасқан «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенінен белгісіз тұлғалар бірнеше рет аккумулятор батареяларын ұрлаған. Бұл, видеобақылау камераларының істен шығуы алып келген.

«7 тамыз – 16 желтоқсан аралығында қылмыскерлер осындай 4 ұрлық дерегін жасады. Шұғыл-іздестіру шараларын өткізу кезінде шұғыл қызметкерлер А.Хамидуллаев пен Ж.Нұралыұлы күдіктілердің ізіне түсіп, кезекті қылмыстары барысында ұстады. Тергеу аясында анықталғандай, қылмыскерлер ұрланған құрылғыны металл қабылдау пунктеріне тапсырып келген. Ұсталғандар қылмыстарын мойындады. Қолды болған аккумулятор батареялары иелеріне қайтарылды», - делінген ПД ақпаратында.

Осы орайда, «Capital City Center» ЖШС астана полициясының басшылығы атына хат жазып, алғыс білдірген. «Полиция қызметкерлері «Сергек» АБК-дан жасалған ұрлық деректерінің сериясын ашты.

Бұл, «Сергек» АБК-ның видеобақылау камераларымен фото,-видеотіркеуді үздіксіз жүргізуге мүмкіндік берді», - делінген компания басшысының хатында.

Қазір оқып жатыр

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян

«Вашингтон моделі» БҰҰ аясындағы халықаралық келісімге негіз болуға лайық – Тоқаев

Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес отырысы

Тұңғыш алтын: таеквондошы Тамирлан Тілеулес Азиадада тарихи жеңіске жетті

Тамирлан Тілеулес