USD
USD
USD

Қылмыскер таксистке үкім шықты

Павлодарда жолаушыны зорлап және

Қылмыскер таксистке үкім шықты
Фото: NEGE.kz

жеке мүлікін тартып алған такси жүргізушісіне қатысты сот үкімі шықты.

Алматы, NEGE. Павлодар қаласының №2 соты 27 жастағы такси жүргізушісіне қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабының 1-бөлігімен (зорлау) және 191-бабы 2-бөлігінің 1-тармағымен (зорлықпен қарақшылық жасау) үкім шығарды.

Іс материалдарынан анықталғандай, 2 маусымға қараған түні сағат 4.00-де медицина қызметкері боп жұмыс істейтін азаматша мас күйінде inDriver мобильді қосымшасы арқылы такси шақыртқан.

«Шақыртуға келген такси жүргізушісі клиенттің мас екенін байқап, оның шарасыз хәлін пайдаланып жолай зорлаған. Сосын, жәбірленушінің қолындағы құны 277 500 теңге тұратын қалта телефонын тартып алып, өзін далаға тастап кеткен», – дейді судья Жұлдыз Тілегенова.

Жабық түрде өткен сот отырысында мемлекеттік айыптаушы қылмыскерді үш жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Бірнеше қылмыстық әрекеттің жасалғанын ескере отырып, такси жүргізушісі үш жыл алты айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Жәбірленушіге 1 млн теңге көлемінде материалдық шығын өндіріліп беріледі.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.