USD
USD
USD

Қылмысқа жәрдемдесу ретінде сараланады: полиция ата-аналарға үндеу жасады

Алаяқтардың жасөспірімдердің SIM-карталары мен аккаунттарын алып, оларды алаяқтық мақсатта пайдалануы жиілеп кеткен.

Маңғыстау
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Мұндай әрекеттер қылмысқа жәрдемдесу ретінде сараланады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция мәліметінше, кәмелетке толмағандардың материалдық сыйақы алу үшін SIM-карталарды іске қосып, оларды әлеуметтік желілер мен мессенджерлерге тіркеп, кейін басқа адамдарға беру жағдайлары тіркелген. Алаяқтар жасөспірімдерге тапсырысты әлеуметтік желілер және мессенджерлер арқылы беретіні анықталған. Қаскөйлер бұл аккаунттарды алаяқтық мақсатта қоңырау соғу үшін пайдаланады.

«Әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі аккаунттарды тіркеу және оларды бөгде адамдарға беру алаяқтық пен өзге де заңсыз әрекеттерді жасау құралына айналуы мүмкін. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мұндай әрекеттер қылмыс жасауға жәрдемдесу ретінде қаралады», – дейді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Бейбіт Біржанов.

Бұл ретте полицейлер мынаны ескертеді:

  • шығу тегі күмәнді sim-карталар мен құрылғыларды сатып алмауға және таратпау;
  • өз аккаунттарын үшінші тұлғалардың пайдалануына бермеу;
  • кәмелетке толмағандарға мұндай әрекеттердің салдарын түсіндіру;
  • абоненттік нөмірлерді мессенджерлерде тіркеп, кейін оларды бөгде адамдарға бермеу;
  • күдікті әрекеттер байқалса, құқық қорғау органдарына хабарлау қажет.

Осыған байланысты ел тұрғындарына сақ болуға кеңес беріледі.

Қазір оқып жатыр

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.