USD
USD
USD

Қылмыс жасады деген күдікпен 2,5 мыңнан астам адам іздеуде жүр

Соңғы үш жылда елдегі қылмыстық қудалау органдары әртүрлі қылмыстар жасады деген күдікпен 3000-нан астам адамды іздеуде.  

Қылмыс жасады деген күдікпен 2,5 мыңнан астам адам іздеуде жүр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Шет мемлекеттерде ұстау және оларды кейіннен Қазақстанға экстрадициялау, соның ішінде прокурорларды үйлестіруімен 500 адам ұсталды.  

Қазір 2500-ден астам адамды іздеп жатыр. Негізінен ішкі істер органдарының желісі бойынша, алаяқтық жасағаны үшін 400, ұрлық үшін 250 тұлға іздеуде.  

Ауыр және аса ауыр қылмыстар жасады деген 400 күдіктінің 250-і іздеу жарияланғаннан кейін ұсталды.  

Шет мемлекеттермен жолға қойылған ынтымақтастықтың арқасында іздеуде жүрген қылмыс жасаған 600 күдіктінің жүрген жері анықталды, олардың көпшілігі Ресей Федерациясында, Америка Құрама Штаттарында, Түркия Республикасында, Біріккен Араб Әмірліктерінде, Қырғыз Республикасында, Өзбекстан Республикасында және Украинада жасырынып жүр. 

Мысалы, 2023 жылы қоғамдық резонанс тудырған қылмыс жасады деген 6 күдікті ұсталды (4 - кісі өлтіру бойынша, 2-қаржы пирамидаларын ұйымдастырғаны және басқарғаны үшін).

Қалған тұлғалар бойынша басқа елдердің құқық қорғау органдарымен бірлесіп оларды ұстау бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

ШҚО-да әйел адамды өлтірді деген күдікпен оқушы ұсталды

Кісен

Дания Еспаева: 2027 жылғы бюджетте қауіпсіздік қоры жоқ

Дания Еспаева

Бақытжан Базарбек қатысқан жол апатында зардап шеккен ер адам ауруханадан шықты

Нұржігіт Қошановтың ауруханадан шыққан сәті

«12 мың адам көрген»: TikTok-та былапыт сөз айтқан семейлік әйел 5 тәулікке қамалды

бес тәулікке қамалды