USD
USD
USD

Қылмыс азайды

Алматы облысында қылмыстар саны азайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қылмыс азайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 2020 жылдың 1-тоқсанының қорытындысы бойынша Алматы облысы аумағында орын алған қылмыстар саны былтырғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 30 пайызға төмендеді. Оның ішінде аса ауыр қылмыстар саны 32 пайызға азайды. Қылмыстың барлық түрі бойынша көрсеткіш азайған. Тәртіп сақшылары қоғамдық орындардағы қауіпсіздік шараларын күшейтіп, қылмыстарды болдырмау бойынша тиісті жұмыстар атқарып жатыр. “Полицейлер қоғамдық орындарда ішімдік ішудің немесе масаң күйде қоғамдық орындарға келудің 2668 дерегін анықтады. Құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осындай алдын алу шараларының арқасында масаң күйде жасалатын қылмыстар саны былтырғы көрсеткіштен 18,6 пайызға азайды”,- деп атап өтті Алматы облысы ПД ресми өкілі Ақбота Қуанышбекқызы. Сонымен қатар, облыстағы учаскелік полиция инспекторларының көмегімен 53 тұлға алкогольдік тәуелділіктен емдеу орталықтарына жіберілді.

 

Қазір оқып жатыр

Алматыда бес адам қаза тапқан өртке қатысты күдікті әйел ұсталды

Полиция

«Сағиды» өлтірді деген күдікке кім ілінген?

Витта Махмаханов

Павел Дуров iPhone иелеріне хакерлік шабуыл қаупі туралы ескертті

Павел Дуров

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың дипломатиясы Қазақстанның технологиялық мүмкіндіктерін кеңейтеді – сарапшы

.