USD
USD
USD

Килиан Мбаппе былтыр 56 ойында 56 гол соқты

Франция құрамасы мен ПСЖ командасының шабуылшысы Килиан Мбаппе өткен жылдың қорытындысымен Еуропаның алғашқы бестіктегі чемпионат ойыншылары арасында үздік сұрмерген атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Килиан Мбаппе былтыр 56 ойында 56 гол соқты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 24 жастағы франциялық шабуылшы барлық деңгейдегі 56 ойында 56 гол соқты. Ол биыл «Алтын доп» байқауында дауыс беру нәтижесінде алтыншы орынға тұрақтады.

Шабуылшы Франция чемпионы атанып, суперкубокты төбесіне көтерді. Өз елінің құрамасымен Қатарда өткен әлем чемпионатында финалға дейін жетті.

Килиан Мбаппе Францияның бірінші лигасында биыл да гол соғудан көш бастап тұр. Қазір оның еншісінде 15 кездесуден кейін 13 гол бар.

Еске салсақ, Қазақстан ұлттық құрамасының бапкері Магомед Адиев «Жыл бапкері» номинациясында үздік атанды. 

Қазір оқып жатыр

Атыраулық жастарға Президенттің кітабы тарту етілді

Президент кітабы

Бұрынғы төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Алматы облысын басқаратын болды

Шыңғыс Әрінов

Көкшетау әкімдігі құны 70 млн теңге болатын 2,4 га жерді заңсыз берген

Жер учаскесі

Марат Сұлтанғазиев Алматы облысы әкімі қызметінен босатылды

Марат СҰЛТАНҒАЗИЕВ