USD
USD
USD

Киіктер жол апатына себеп болды

"Астана - Қарағанды - Алматы" автожолында ВАЗ автокөлігі киіктермен соқтығысты. 

Батыс Қазақстан облысы
Фото: news.myseldon.com

Алматы, NEGE. «ҚазАвтоЖолдың» мәліметінше, оқиға 17 мамыр сағат 03:00 шамасында автожолдың 1395 шақырымында (Қарағанды облысы, Ошаған ауылының маңы) болған.

«Теміртау қаласы бағытында кетіп бара жатқан ВАЗ автокөлігі киіктермен соқтығысып, оның салдарынан жолаушы зардап шекті, ол жедел көмек көрсету үшін аудандық ауруханаға жеткізілді», - деп жазылған хабарламада.

Компанияның хабарлауынша апат орын алған учаскеде жол учаскесі құрғақ, таза және тегіс. Оқиға орын алған сәтте қозғалысқа шектеу қойылмаған және жол белгілері нормативтік талаптарға сай қойылған. Автожолдың бойында жануарлардың шығып кетпеуі үшін торлар орнатылған.

«Алдын ала мәлімет бойынша киіктердің жаппай қоныс аударуына байланысты торлардың бір бөлігі бұзылып, жабайы аңдардың жолға шығуына себеп болды. Қазіргі таңда қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, жолдың басқа да учаскелері тексерілді», - деп жазылған хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Бектенов Eni және Baker Hughes компаниялары басшылығымен кездесті

кездесу

Құрылтай депутаттарын сайлау 23 тамызға белгіленді

Сайлау туралы заң

Ұлттық қауіпсіздік комитеті экс-әкім Жақсылық Омардың қалай ұсталғанын көрсетті

Жақсылық Омар

Теңге әлемдегі долларға қатысты нығайған валюталар бестігіне енді

теңге