USD
USD
USD

Қиын жылдар артта қалды. «ҚазТрансОйл» НЕГЕ мәз?

«ҚазТрансОйл» ұлттық компаниясы үшін күрделі кезең артта қалған сияқты. 2020 жылдан бері қаржылық тұрғыдан айтарлықтай қиындық көріп келген мекеме 2025 жылы операциялық табысын арттырып, 45 миллиард теңге таза пайда тапты. Бірақ әлі де шешілмеген мәселелер бар.

ҚТО
Фото: Nege.kz

Компанияның түсімі 357 миллиард теңгеге жеткенімен, көрсетілген қызметтің өзіндік құны мен шығындары 286 миллиард теңгеден асып кеткен. Соның салдарынан жалпы түсім 71 миллиард теңгені құрады да, оған 18 миллиард теңгелік әкімшілік шығындар мен 17 миллиард теңгедей құнсыздануы қосылып, операциялық пайда 42 миллиард теңгеге әрең жетті.

ҚТО
Фото: "ҚазТрансОйл" АҚ 2025 жылғы шоғырланған қаржылық есебі. Аудитор: PWC

Нәтижесінде «ҚазТрансОйл» АҚ шоғырланған есеп бойынша 2024 жылы 42,4 миллиард теңге, ал 2025 жылы 45,6 миллиард теңге таза кіріс көрсеткен. Бір жылдағы өсім небары 3 миллиард теңге болғандықтан, мұны үлкен жетістік деп санауға келмейді.

«ҚазТрансОйлға» қарасты Батуми мұнай құю терминалы мен оның контрагенті арасындағы сот 5 жылдан бері жалғасып келеді. Алдағы мамыр айында осы даудың нүктесі қойылуы мүмкін. Сонымен қатар «ҚазТрансОйлдың» «Қазақстан-Қытай құбыры» еншілес ұйымы бойынша серіктесі - Қытайдың CNODC компаниясы мұнай тасымалдау тарифтерін арзандатқаны үшін Қазақстанмен соттасуда.

ҚТО
Фото: Nege.kz

«Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС – ҚазТрансОйл мен CNODC-тың бірлескен кәсіпорыны. Компания «Атасу – Алашанқай» мұнай құбыры учаскесінің операторы болып табылады. Қазақстанның Энергетика министрлігі осы құбыр арқылы ресейлік мұнай транзитінің тарифін төмендетуіне байланысты, жылына 10 млн тонна мұнай транзиті кезінде оператор шамамен 30 миллион доллар табыс жоғалтады деп болжанып отыр. Оның ішінде CNODC-тың қағылатын пайдасы 15 миллион доллар болуы тиіс.

Бұл жағдай қытайлық инвесторға ұнамайтыны түсінікті. Сондықтан ол Қазақстан сотына үш рет қатарынан жүгінген. Ал «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы өз кезегінде «инвестор мұнай құбырына жұмсаған барлық шығынын қайтарып алды, енді тарифтердің арзандауында ешбір кереғар әрекет жоқ» деген позицияда.

ҚТО
Фото: Nege.kz

Қазір «ҚазТрансОйл» АҚ еліміздегі ұзындығы 5 197 шақырым магистралды мұнай құбыры және 2 307 шақырымдық су құбырына бақылау жүргізеді. 2025 жылы мұнайды құбырмен тасу ұлттық компанияға 262 миллиард теңге түсім алып келді. Ал су тасудан 27 миллиард теңге пайда түсті.

Қазіргі уақытта ҚТО-ның 10 пайыз акциясы кезінде «Халықтық IPO» бағдарламасы бойынша жеке инвесторларға сатылған болатын. Қалған 90 пайыз үлесіне «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы арқылы мемлекет иелік етіп отыр.

Қазір оқып жатыр

Парламент қарауына бес конституциялық заң енгізіледі

Тоқаев

Қазақстанда тағы бір рақымшылық жариялануы мүмкін

Сталкинг

Тоқаев жаңа Конституцияға қол қойды

Тоқаев

Қытай, Түркия, Ресей: Қай елдің азаматтары Қазақстан заңнамасын жиі бұзады?

көші-қон заңнамасы