USD
USD
USD

Киік мүйізімен ұсталды

Батыс Қазақстан облысының Қазталов ауданында браконьер 30 дана киік мүйізімен ұсталды. Бұл туралы аудандық полиция бөлімінен мәлім етті.

Киік мүйізімен ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 12 мамыр күні аудандық полиция бөлімінің бастығы Ренат Дегенбаевтың қатысуымен жүргізілген жедел іздестіру шарасы барысында Қазталов ауылына қарасты далалық жерден күдік тудырған «Toyota Land Cruiser» автокөлігі тоқтатылған. Автокөлік жүргізушісі оқиға орнынан бой тасалап үлгерген. Жүргізушімен бірге болған азамат қолға түсіп, оның Қазталов ауданына қарасты Жалпақтал ауылының тұрғыны екені анықталды.

Одан автокөлікпен қоса 30 дана киік мүйізі, бір аңшылық қару және оқ-дәрілер тәркіленді. Оқиға орнында ұсталған күдіктіге қатысты ҚР ҚК 337-бабы 4-бөлігі 2-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Еске сала кетейік, бұдан бұрын батысқазақстандық тұрғынның 366 дана киік мүйізімен қолға түскенін жазған болатынбыз

Қазір оқып жатыр

Сайлау күні онлайн-сервистер жұмыс істейді

сайлау

Тоқаев Қытай мен Еуропа арасында «алтын көпір» болатын жол құрылысын бастап берді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Астанадағы танымал мейрамхана дауына қатысты полиция мәлімдеме жасады

мейрамхана

Қазақстанда аптап ыстықтан отыздай адам қайтыс болды

күн өту