USD
USD
USD

Киік еті шетелге экспорттала ма?

Сауда және интеграциялар министрі Арман Шаққалиев журналистердің киік етін шетелге экспорттау жұмысы туралы сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Kazinform.

Киік еті шетелге экспорттала ма?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазіргі уақытта біздің министрлікте киік етін шет елдерге сату жоспары жоқ. Тіпті ішкі нарықта, базарларымызда киік етін ешқайсымыз көрген жоқпыз. Астана маңайында бір көлік ет тиеген адамның ұсталғаны туралы ақпарат болды. Ол заңсыз жұмыс істеген. Қазір біздің құзырет бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігі киік етінен консерві, субөнім жасауға стандарт жасауды сұрап отыр. Сол стандарттау жағынан жұмыс жүргізіп жатырмыз», - деді министр елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, киік етіне қатысты нақты стандарт болса, сертификат, декларация, тексеру жұмыстары жолға қойылады.

«Бұл сұранысқа да байланысты. Қай елден (киік етіне – ред.) сұраныс болса, сол елге сауда жағынан ұйымдастыруға көмек көрсетеміз. Ең бастысы, техникалық реттеу мен қауіпсіздік және сапа талаптарына сай болуы керек», - деді А. Шаққалиев.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында ірі қара мал қырылып жатыр: шаруалар дабыл қақты

Ірі қара қырылуы

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала

Қайрат Сатыбалдының мемлекетке сыйға тартқан қонақүйі үш есе арзанға сатылды

DoubleTree by Hilton

Ресейлік сарапшылар мен дипломаттар Тоқаевтың Жолдауын талқылады

.