USD
USD
USD

Киік атып, мүйізін сатып келгендер ұсталды

Ақтөбе облысында киік атып, мүйізін сатып келген бір топ адам ұсталды. 

Киік атып, мүйізін сатып келгендер ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Ақтөбелік полицейлер «Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полицейлер Ақтөбе мен Әйтеке би ауданы тұрғындарының киікті заңсыз ату және сату айналымына қатысы бары туралы ақпарат алды. 10 тамызда полицейлер Қарабұтақ кентінде күдіктілермен сатып алушылар ретінде кездесу ұйымдастырды», – дейді облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов.

Оның айтуынша, арнайы қабылданған шаралар нәтижесінде ПД қызметкерлері бұрын сотты болған 4 адамды ұстады.

Олардың екеуі Әйтеке би ауданындағы шаруа қожалықтарының басшылары болып шықты. Күдіктілерден жалпы салмағы 50 келі болатын 135 дана мүйіз тәркіленді.

Сонымен қатар, олардың бірінің үйін тінту барысында тіркелмеген мылтық тәркіленіп, қорадан сойылған екі киік пен жабайы қабан табылды. Браконьерлер барлығы 70 бас киікті атқан. Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қылмыстық кодекстің «Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және Құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз іс жүргізу« бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Айта кетейік, жыл басынан бері Ақтөбе облысында киікті заңсыз атқан 2 факті және мүйізін сату бойынша 8 дерек тіркелді.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай