USD
USD
USD

Киевте коронавирусқа байланысты карантин жарияланды

Киев мэрі Виталий Кличко коронавирус тарауының алдын алу үшін 12 наурыздан бастап Украина астанасында карантин жариялатанынын мәлімдеді. Бұл туралы қала басшысы Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

Киевте коронавирусқа байланысты карантин жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Достар! Коронавирус таралуының алдын алу үшін елорда билігі эпидемияға қарсы шаралар мен шектеулердің жоспарын бекітті. Киевте коронавирус жұқтыру дерегі әлі тіркелмеген болса да, біз оны күтпей, қала тұрғындарын қауіпсіз қылуға шешім қабылдадық. Біз Киевте алдын-алу шараларын 12 наурыздан бастап енгіземіз. Алдын ала жоспар бойынша, наурыздың соңына дейін», – делінген хабарламада.

Мэр орта және жоғары білім мекемелерінде, балабақшаларда, шығармашылық және спорт мектептерінде оқу процесіне шектеу қойылатынын айтты. 

Сондай-ақ, қалада көп адам қатысатын іс-шаралар шектеледі. Бұл концерттер, конференциялар, киносеанстар және басқа да іс-шараларға қатысты. Ойын-сауық орталықтары да жабылады. 

«Достар! Дүрбелең туғызбаңыздар! Денсаулығымызға жауапкершілікпен қарап, гигиена ережелерін сақтаймыз. Егер өзіңізді нашар сезінсеңіз - дереу дәрігерге қаралыңыз. Өзіңізге және айналаңыздағыларға қамқорлық жасаңыз! Біз бәрін бірге жеңеміз!», – деп жазды Виталий Кличко.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy