9 Мамыр 17:35
...

Киев: Ресей үш күндік «бітімді» орындамады

Ресей
Фото: ғаламтордан

Өткен тәулікте Ресей әскері Днепропетров, Харьков, Херсон және Запорожье облыстарындағы елді мекендерді атқылады. Бұл туралы бірнеше украин аймағының билігі, – деп хабарлайды DW.

Алматы, NEGE. Днепропетров облыстық әскери әкімшілігінің басшысы Сергей Лысактың мәліметінше, 9 мамырға қараған түні Ресей әскерлері Никополь, Покров, Красногригорьев, Мировой және Марганец қауымдастықтарын дрондармен және артиллериямен атқылады. 83 жастағы жергілікті тұрғын жараланып, екі жеке үй зақымданған.

Харьков облысының билігі де екі елді мекенге шабуыл жасалғанын мәлімдеді. 11 жастағы бала жарақат алған. Сонымен қатар, Харьков облыстық әскери әкімшілігінің төрағасы Олег Синегубовтың айтуынша, Волчанск маңында Ресей әскерінің төрт шабуылы тойтарылған.

Херсон облысында 17 елді мекен артиллериялық және әуе шабуылына ұшыраған. Төрт тұрғын үй бүлініп, бір адам қаза тапқан. Херсон қаласында дрон шабуылы салдарынан 60 жастағы ер адам ауыр жараланып, ауруханаға жеткізілген. Ал Запорожье облысында шабуылдан бір әйел қаза тапқан.

Украина Қарулы күштерінің Бас штабының дерегінше, өткен тәулікте Ресей әскері украин позициялары мен елді мекендерге бір зымыран және 18 әуе соққы жасап, 32 бомба тастап, 2659 дрон қолданған.

Белгород облысында украин дроны әкімшілік ғимаратына түсті. Облыс губернаторы Вячеслав Гладковтың айтуынша, 9 мамыр таңында украин дроны облыстық үкімет ғимаратына соғылған. Ол жариялаған видеода Собор алаңындағы ғимарат маңында қираған қалдықтар көрінеді.

Путин 8 мамыр 00:00-ден 11 мамыр 00:00-ге дейін үш күндік "бітім" жариялаған болатын. Алайда Украина тарапы Ресей шабуылдарының жалғасып жатқанын мәлімдеді. Президент Владимир Зеленский қысқа мерзімді бітімді қабылдамайтынын, атысты кемінде 30 күнге тоқтатуды ұсынатынын айтқан.