USD
USD
USD

Киелі мекен: Қызылорда облысы Жалағаш ауданындағы тарихи-мәдени нысандардың аумағы тазартылды

Қоршаған ортаны қорғау – әрбір азаматтың басты парызы. Осыған орай, Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы бастау алды.

Қызылорда
Фото: Қызылорда облысы

Қызылорда, NEGE. Сыр өңірінде де аталмыш бастаманы қолдау мақсатында «Таза Қазақстан - таза аймақ» атауымен игі бастама жалғасын тапты. Аймақ басшысы облыс халқына арнайы үндеу жолдап, экологиялық акцияға белсене қатысуға шақырды. Экологиялық акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыптарға арналған болатын. Тиісінше, екінші апта «Киелі мекен» атауымен жалғасып, өңірдегі тарихи-мәдени нысандардың аумағы тазартылатын болады.

Қызылорда
Фото: Қызылорда облысы

Осынау игі шарада Жалағаш ауданындағы киелі нысандардың бірі - Бұқарбай батыр және Ұлы Отан соғысы ескерткішінің аумағы тазартылды. Сонымен қатар, жалағаштықтар кесене аумағына ағаш көшеттерін отырғызып, күл-қоқыстардан тазартты. Бұдан бөлек, аудан аумағында орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштер мен музейлер аумағы да толық тазартылды.

Шараға еріктілер, кент тұрғындары, мәдениет және өнер саласының қызметкерлері өз үлестерін қосты.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова

Тоқаев ҚТЖ жұмысын сынға алды

Қтж